Әлем

Такси жүргізушісі жолаушы әйелді зорлап, кейін үйіне жеткізіп салған

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің айтуынша, такси жүргізушісі кастетпен қорқытып, екі мәрте зорлаған

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Петербург қаласының полициясына жергілікті тұрғын әйел такси жүргізуші зорлады деп арыз берді, де хабарлайды life.ru.

Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Зейнеткер саяжайдағы үйінде немересінің 8 жасар құрбысын зорлап тастады

Әйел адам Новоселье аулынан қалаға қайтпақ болып такси шақырады. Жүргізуші о баста өзін дөрекі ұстап, такси қызметі компаниясына үстемеақы төлегісі келмейтінін айтып, тапсырысты қайтып алуды талап еткен. Соған қарамастан, әйел бейтаныс адамның көлігіне отырады.

Жолда шопыр екі рет тоқтап, жолаушыны кастетпен қорқытып, зорлаған екен. Арам ойын іске асырған соң, ештеңе болмағандай сапарын жалғастырады.

Сол сәтте жәбірленуші ер адамға көрсетпей полицияға телефон соғыпты. Оны байқаған таксист ашуланып, әйелді түсіріп кетеді. Бірақ көп ұзамай қайта оралып, жолаушыны үйіне дейін жеткізіп салуды ұсынған.

Түркістанда таксист жас келіншекті қалай өлтіргенін айтып берді

Бір қызығы, әйел адам бұл ұсынысты құп көріп, зорлықшымен бірге үйіне жетіп алыпты.

Шағым бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0