03:16 25 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
555402

Ресей тұрғыны анасымен бірге тұрған үш ер адамды өлтірді

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Ресейдің Комсомольска-на-Амуре қаласында 25 жастағы жігіт анасының көңілдесін өлтіргені үшін тағы сотталды, деп хабарлады РИА Новости. 

Тергеудің мәліметінше, өткен жылдың қарашасында жас жігіт анасының көңілдесімен әңгімелесіп отырып оның басынан таспен кем дегенде 10 рет ұрған, зардап шегуші сол жерде жан тапсырған. Қанды оқиғадан кейін ол болған жайтты анасы мен таныстарына айтып берген.

Жігіт ер адамды анасын қорлағаны үшін өлтіргісі келгенін мойындады.     

Сонымен қатар ол бұған дейін 2008 және 2012 жылдары басқа "өгей әкелерін" өлтірген. 2017 жылдың көктемінде бостандыққа шығып, анасымен бірге тұра бастайды, дүкенге жүк тасымалдаушы болып жұмысқа да тұрған екен.  

Сот оны үшінші рет кісі өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырды.    


Загрузка...

Басты тақырып