Әлем

Қадыров Шешенстандағы қанды оқиғаның қалай болғанын айтты

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуШешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров
Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шешенстандағы қастандықты "Ирак және Левант лаңкестік тобы" өз мойнына алды

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Шешенстанда жасалған қастандықты "Ирак және Левант лаңкестік тобы" мойнына алды, деп хабарлады Хабар 24. 

Сенбі күні 4 қаскөй Грозный қаласындағы шіркеуге шабуылдап, салдарынан 3 адам қаза тапқан еді. Оның екеуі – тәртіп сақшысы, біреуі – шіркеуге келуші. Тағы екі кісі жарақат алған.

Жарылыс кезіндегі ауған әскерилері, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Әлем
Кабулде екі жарылыстан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті

Қылмыскерлер шіркеуге баса көктеп кіріп, жиналғандарды өлтірмекші болған. Алайда тәртіп сақшылары қылмыскерлерді жер жастандырып үлгерген. Дерек бойынша олардың жеке тұлғалары анықталды. 

"Атыс кезінде шіркеуде едім. Дереу есікті жабуға бұйрық бердім. Бұған қарамастан, қаскөйлер есікті жұлқылап, оқ жаудыра бастады. Сол сәтте оқ шіркеуге келушілердің біріне тиіп, ол сол бойда көз жұмды", — дейді шіркеу қызметшісі. 

"Олар шіркеуге кіріп, шіркеуде жұмыс істейтін тәртіп сақшысын өлтірген. Ғимарат ішінде болған дәрігер жарақат алды. Қылмыскерлерді байқап қалған мамандар тез арада оқиға орнына жетіп келіп, оларды жер жастандырды", — деп атап өтті Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров.  


Жаңалықтар
0