Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі, кейін Мұқыш ауылы деп аталған елді мекенде туған. 

Әзілхан Нұршайықов Алматы қаласындағы тау-кен институтында оқыған. Алматыда бір жарым жыл болып, Семейге оралады. Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Оқуда жүргенінде 1941 жылы желтоқсанның басында 1922 жылы туғандарды әскерге шақыру туралы қағаз келеді.

Әзілхан Нұршайықов 1941-1945 жылдары Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері мен әңгіме, очерктері майдан кезінде республикалық, облыстық газеттерде басылды.

Әзілхан Нұршайықов соғыстан кейін оқуын жалғастырып, Қазақ мемлекеттік университетін 1949 жылы бітірді.

Жазушының шығармашылық стилі біртіндеп қалыптасып, көзі тірісінде 40-тан астам кітап шығарды. Оның ішінде "Алыстағы ауданда" (1956 жылы), "Тың астығы" (1958 жылы), "Ертіс жағасында" (1959 жылы), "Жомарт өлке" (1960 жылы), "Махаббат жыры"  (1964 жылы), "Махаббат қызық мол жылдар" (1970 жылы), "Ақиқат пен аңыз" (1976 жылы), "Екі естелік" (1985 жылы), "Өмір өрнектері", "Қаламгер және оның достары" (2000 жылы), "Мәңгілік махаббат жыры" (2005 жылы) еңбектері бар.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0