НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-шаралары өтетіндіктен ауған проблемасы жан-жақты талқыланды", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті тақырыптарды, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-әрекеттерді талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 35 этникалық қазақ – қандасыс Ауғанстаннан тарихи отанына оралды.
Оқи отырыңыз: Ауғанстаннан 35 қандас Қазақстанға оралды
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 тамызда Қазақстан Ауғанстаннан 25 азаматын, Қырғызстан, Ресей мен Литваның 16 азаматын шығарды.