Әлем

Тележүргізуші тікелей эфир кезінде есінен танып қалды – видео

© Photo : (с) Comedy Club ProductionНа съемках шоу "Однажды в России"
На съемках шоу Однажды в России - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Өзбекстандық тележүргізуші тікелей эфир кезінде өзін жайсыз сезініп, талып қалды. Оның жағдайы әлі белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Ташкентте "Ешлар" телеарнасының тележүргізушісі тікелей эфир кезінде талып құлады. Видео Uzbek MDK телеграм арнасында жарияланды.

Кадрда ақпарат айтып тұрғын әйел өзін жайсыз сезініп, кенеттен есінен танып қалды. 

Бұдан соң видео үзіліп кетеді. Тележүргізушінің жағдайына байланысты ақпарат таратылмады.

Бұған дейін Колумбияда ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордуз бір ажалдан аман қалды. Студиядағы тікелей эфир кезінде оның үстіне үлкен декорация құлап кетті, бірақ ауыр жарақат алған жоқ.

​Бәрі қас қағым сәтте болды – мұндай жағдайды ешкім күтпесе керек. Жүргізушінің әріптестері есеңгіреп қалды, бірақ эфирді үзбей, матчқа қатысты түсініктеме беруін жалғастырды.

Біраз уақыттан кейін жарнамаға кезек берілді.

Жаңалықтар
0