Әлем

Коронавирус жоқ ел халықты COVID-ке қарсы вакцина салдыруға міндеттеді  

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАшхабад
Ашхабад - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Түрікменстан билігі 18 жастан асқан азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттеді 

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Түрікменстанда 18 жастан асқан адамдар COVID-ке қарсы вакцина салдыруға міндеттелді.

"18 жастан асқан адамдар профилактикалық екпеге медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса, COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдыруға тиіс", - деп жазды РИА Новости.     

Вакцинаның қандай да бір компонентіне аллергиялық реакциясы бар адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер, кәмелетке толмағандар, сондай-ақ жедел және созылмалы аурулары бар, дене қызуы жоғары адамдар вакциналаудан босатылады.

"Жаппай тексеріс болады": вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді

Түрікменстанда COVID-19-ға қарсы профилактикалық вакциналардың қажетті қоры жасалды, халықты коронавирусқа қарсы вакцинамен қамту жұмыстары жүргізілуде.  

Түрікменстанда бұған дейін бірнеше ай бойы тәуекел тобындағы адамдар мен қарттар коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еркімен салдырды.

Ресми мәліметке сәйкес, Түрікменстанда коронавирустың жаңа түрі (яғни Ухань вирусы мен оның мутациялары) тіркелген жоқ. Сонымен бірге елде маска режимі және сауда, қызмет көрсету және көлік салаларында бірқатар шектеу енгізілді. Қазіргі таңда кейбір шектеулер алынып тасталды.

Жаңалықтар
0