Әлем

Өзбекстандағы су қоймасының жарылуы: 17 адамға сот үкімі шықты

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиНаводнение в Мактааральском районе Туркестанской области
Наводнение в Мактааральском районе Туркестанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Іске қатысы бар деген алты адам үш жылдан он жылға дейінгі уақытқа сотталды. Тағы бір адамға төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Қалған айыпталушылар ірі көлемде айыппұл төлейді

АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Өзбекстанда Сырдария облысындағы су тасқыны ісі бойынша 17 лауазымды тұлғаға қатысты үкім шықты. Сол кезде су қоймасының бөгеті жарылып, алты адам қаза тапқан болатын.

Айта кетейік, төтенше жағдай 2020 жылдың мамырында болды. Содан кейін Қазақстан аумағына ірі көлемде су келді. Су тасқыны Түркістан облысының елді мекендеріне елеулі залал келтірді.

Кейіннен Өзбекстанның бас прокуратурасы техногендік апаттың себептерін атады. Апатқа жобалық құжаттардағы, құрылыс пен пайдаланудағы қателіктер себеп болған. Сот алдына ұрлық, немқұрайлық және лауазымдық жалғандық жасады деп айыпталған бірнеше лауазымды тұлға келді.

Өзбекстан жоғарғы сотының хабарлауынша, алты айыпталушы үш жылдан он жылға дейін сотталды.

"Узтемирйулкуришмонтаж" ұлттық компаниясы бас директорының орынбасары, гидротехникалық құрылыс басқармасының бастығы болған М.Холматов он жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады, сондай-ақ лауазымдық жалғандық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Холматов адам өліміне әкеп соққан тау-кен, құрылыс немесе жарылыс қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Айыпталушы тағы екі адамның әрқайсысы бес жылға сотталды: оның бірі –тапсырыс беруші тарапынан "Сирдаре сув курилиш инвест" мекемесінің бұрынғы басшысы Абдуназаров; екіншісі – жобалаушы тарапынан UzGIP перспективалық жобаларды жоспарлау бөлімінің бұрынғы басшысы Руднев. Олар 133,8 миллион сум (шамамен 5,4 миллион теңге) айыппұл төлейді.

Қалған айыпталушылар әр түрлі мерзімге сотталды, сондай-ақ ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сардоба су қоймасы 2017 жылы салынған, оның сыйымдылығы 922 миллион текше метр және Сырдария мен Жызақ облысының алты ауданындағы егіс алқаптарына су жіберуге арналған.

Түркістан облысындағы су тасқыны

2020 жылдың бірінші мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, алты адам қайтыс болды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ауыл зардап шекті. Мыңнан астам үйді су басты, мектептер, балабақшалар, медициналық нысандар бүлінді. Елді мекендерден 31 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Түркістан облысында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан Өзбекстанмен бірге су тасқынының салдарын жою бойынша жұмыс істеді. Кейін екі ел халықаралық және қазақстандық сарапшылармен бірлесіп Сардоба су қоймасының техникалық аудитін өткізу туралы келісімге келді.

Оқи отырыңыз: Мақтаарал ауданында 1300-ден астам отбасы мың доллардан өтемақы алды

Сондай-ақ, қос тарап трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық келісімді әзірлеуге және оған қол қоюға уағдаласты.

Жаңалықтар
0