17:34 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Азияда
Қысқа сілтеме алу
2514 0 0

Жүк пойызының екі машинисі электровоздағы құпия орынға қолма-қол ақша жасырды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Қазақстанға құны 1 миллион доллардан асатын шетел валютасын заңсыз шығармақ болған елдің үш азаматын ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз орталығы.

Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, "Өзбекстан темір жолы" АҚ-ға қарасты жүк пойызының Қазақстанға бет алған екі машинисі көрші елге 971 000 доллар, 47 700 еуро және 3,4 миллион Ресей рублін заңсыз әкетпек болған кезде ұсталды. Ақшаны өздері жүргізіп келе жатқан электровоздағы құпия орынға жасырған.

Тергеуге дейінгі тексеру барысында ақшаны машинистерге Ташкент облысы Зеңгі ата ауданының тұрғыны беріп жібергені анықталды. Ол да жедел іс-шаралар барысында ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Республиканың қылмыстық кодексіне сәйкес, қолма-қол валюта контрабандасы үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Загрузка...

Басты тақырып