07:04 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Азияда
Қысқа сілтеме алу
46 0 0

Қазақстан президенті әңгіме барысында түрікменстандық әріптесіне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Екі ел президенті көп жоспарлы қазақ-түрікмен ынтымақтастығын дамыту перспективалары, екі ел арасындағы достық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті нығайту жайында жан-жақты пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас халықтардың мүддесі үшін Қазақстан Түрікменстанмен көпжақты байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

Гурбангулы Бердімұхамедовтің пікірінше, Қазақстан Түрікменстанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі.

Президенттер өзара сауда көлемін арттыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан мен Түрікменстанның күш біріктіруге дайын екенін растады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қосымша қарқын беру үшін биыл Үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге келісті.

"Қазақстан президенті ортақ келісім болған жағдайда, кезекті Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуін Түрікменстан астанасында өткізуді қолдайтынын жеткізді", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен елінің басшысына Қазақстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінде көтерген бастамаларын қолдағаны, сондай-ақ Түрікменстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне бақылаушы ретінде кіргені үшін ризашылығын білдірді.

Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, маңызды келісімдерге қол қою үшін Түрікменстанға сапармен келуге шақырды.

Оқи отырыңыз: "Ол күн алыс емес": Тоқаев жамағатты сабырға шақырды

Қазақстан президенті түрікменстандық әріптесіне әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Тақырып бойынша

"Бізге сапалы серпін керек": Тоқаев реформалар жөнінде кеңес өткізді
Тоқаев Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақтың жұмысын сынға алды
Тоқаев көлік жүргізушілерін қуантатын жаңалықты жеткізді
Тоқаев Qazaq Republic жобасы авторымен кездесті
Тоқаев Ақордада Қытай елшісін қабылдады
Кілт сөздер:
Түрікменстан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып