Әлем

Қырғызстан қазақтары қауымдастығының экс-басшысы қамауға алынды

© AP Photo / Michael ProbstНаручники, фото из архива
Наручники, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2021
Жазылу
Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша екі адамды қамауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Қырғызстандық саясаткер Марат Қазақпаев пен Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков елдің мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына қамауға алынды. Бұл жөнінде Первомайский сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлады.

15 сәуірде сот Қазақпаевты 14 маусым сағат 00:34-ке дейін, ал Токтоучиковты 13 маусым сағат 23:56-ға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Оқи отырыңыз: Мемлекетке опасыздық жасаған ғалым Қазақстан азаматтығынан айырылды 

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті олардың мемлекетке опасыздық жасағанын растайтын бұлтартпас айғақтар бар екенін мәлімдеді.

Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды және кейбір азаматтардың осы қылмысқа қатысы бар екенін растайтын дәлелдер  алынды.

Қырғызстан заңы бойынша мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақпаев пен Токтоучиковтың ұсталғаны туралы 14 сәуірде белгілі болды.

Жаңалықтар
0