Әлем

Жээнбеков әйелімен бірге Қырғызстаннан кетті

© Photo : Пресс-служба президента Кыргызстана / Султан ДосалиевСооронбай и Айгуль Жээнбековы
Сооронбай и Айгуль Жээнбековы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Жээнбеков өткен жылдың қазанында президент қызметінен кетті. Оған Жогорку Кенеш сайлауынан кейінгі жағдайлар себеп болды

АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай Жээнбеков жары Айгүлмен бірге Қырғызстаннан кетті. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева Sputnik Қырғызстанға хабарлады.

Жээнбеков 1 ақпанда "Манас" әуежайынан Түркияға ұшып кетті. Содан кейін ол Джидда (Сауд Арабиясы) қаласына кіші қажылыққа барады. Стамалиеваның айтуынша, Жээнбеков 2020 жылдың қарашасынан бастап қажылыққа баруды жоспарлаған, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бұл жоспары орындалмай келді.

"Пандемияға байланысты қажылыққа бару мүмкін болмады және Сауд Арабиясының ресми келісімі қажет болды. Ал ол тарап ақпанның басында келісім берді. Кіші қажылық 10 күннен астам уақытқа созылады, содан кейін Жээнбеков Бішкекке оралады", - деді Стамалиева.

Айта кетейік, Жээнбеков өткен жылдың қазанында президент қызметінен кетті. Оған Жогорку Кенеш сайлауынан кейінгі жағдайлар себеп болды.

Қырғызстандық БАҚ-тың хабарлауынша, қаңтардың соңында Сооронбай Жээнбеков премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Дуйшенбек Зилалиевтің ісі бойынша куәлік ету үшін Бішкектің Первомай аудандық сотына шақырылды.

Сонымен қатар Жээнбековті қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы талаппен қазандағы наразылыққа қатысушылар құзырлы органдарға жүгінді. Олар экс-президенттің 5 қазанда митингті күшпен тарату туралы бұйрық беруге құқығы болмады деп санайды.

Бұған дейін Қырғызстанда бұрынғы премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиев ұсталды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 5 қазанында Қырғызстандағы парламенттік сайлауға наразы оппозициялық партиялардың жақтастары көшеге шықты.  Осыдан кейін елде тәртіпсіздіктер басталды, олар бұрын сотталған саясаткерлерді тұтқыннан босатып алды. 10 күннен кейін Қырғызстанның сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті.

Қазір президент сайлауынан кейін Қырғызстан басшысы қызметін Садыр Жапаров атқарады.

Жаңалықтар
0