НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қырғызстанның Жоғарғы соты елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа кесілген үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.
"Алдыңғы екі инстанцияның шешімі жойылды. Істі жаңадан қарау үшін Первомай аудандық сотына жіберілді", - деп РИА Новости сот кеңсесі өкілінің сөзінен үзінді келтірді.
Еске сала кетейік, 2020 жылы маусымда Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты іс бойынша 11 жыл және екі айға бас бостандығынан айырылған болатын. Бішкек қалалық соты 14 тамызда бұл шешімді күшінде қалдырды.
Оқи отырыңыз: Алмазбек Атамбаев аштық жариялады
Былтыр 7 тамыз күні кешке Қой-Тас ауылында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын өткізді, алайда оған экс-президенттің жақтастары тойтарыс берді.
Келесі күні, 8 тамызда тәртіп сақшылары саясаткерді тұтқындады. Сондай-ақ оның бірнеше жақтасы қамауға алынды.
Атамбаев босатылып, үйқамаққа алынды
6 қазанға қараған түні Бішкекте наразылық білдірушілер экс-президент Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторынан шығарып алды, сонымен қатар бұрынғы жоғары лауазымды бірнеше шенеунік босатылды.
9 қазанда экс-президент Бішкектегі митингіде сөз сөйлеп, өзіне билік қажет емес екенін мәлімдеді.