Әлем

Жээнбеков отставкаға кетеді: Қырғызстан президенті міндетін кім атқарады

© Sputnik / Табылды КадырбековСитуация в Кыргызстане после парламентских выборов
Ситуация в Кыргызстане после парламентских выборов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді. Елдің басты заңы бойынша президент өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өтеді

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін жариялады. Жаңа мемлекет басшысы сайланғанша Конституция бойынша оның қызметін Жогорку Кенештің төрағасы атқарады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

"Президент өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа президент сайланғанға дейін оның өкілетін Жогорку Кенеш төрағасы атқарады", - делінген Қырғызстанның Конституциясында.

Бұл қызметті кеңес төрағасы атқара алмайтын жағдайда президент өкілеттігі премьер-министр немесе министрлер кабинеті басшысының міндетін атқарушы орындайды.

Сондай-ақ, елдің басты заңы бойынша президент өкілеттігі тоқтаған күннен бастап үш ай ішінде сайлау өтеді.

Осы орайда президент өкілетін атқаратын адам Жогорку Кенеште мерзімінен бұрын сайлау уақытын бекітуге, үкіметті отставкаға жіберуге, мемлекет басшысы лауазымына кандидат болуға құқығы жоқ.

© Sputnik / Медиабанкке өтуҚырғызстан президенті міндетін атқарушы Қанат Исаев
Жээнбеков отставкаға кетеді: Қырғызстан президенті міндетін кім атқарады - Sputnik Қазақстан
Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Қанат Исаев

Айта кетейік, 15 қазанда Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ал Қанат Исаев бірнеше күн бұрын Жогорку Кенештің спикері лауазымына сайланған болатын.

Жээнбековтің отставкаға кетуі үшін митингіге шыққандар парламенттің таратылуын да талап етіп отыр.

Жаңалықтар
0