НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Telegram-дағы "Короче" каналы Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұсталғаны жайлы видео жариялады.
Саясаткер Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталды. Онымен бірге жақтастары, бұрынғы оққағарлары Дамир Мұсакеев пен Қанат Сағынбаев ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті олардың сыбайластарын ұстау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Қызметтен кетуге дайынмын": Қырғызстан президенті шарт қойды
6 қазанға қараған түні Бішкектегі оқиға кезінде Атамбаев Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатылды. Ол қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевты заңсыз босату ісі, сонымен қатар Қой-Тас оқиғасы бойынша сотталған.