Әлем

Әйелінің көзіне шөп салған ер адам ажал құшты

CC0 / / Влюбленные
Влюбленные - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көңілдесі жұрттың сөзінен қорқып, жедел жәрдем шақырмаған. Мұның орнына ол ер адамның денесін лақтырып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Өзбекстанда Сырдария облысында әйелінің көзіне шөп салған ер адам көз жұмды.

Болған жағдай Хавас аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Ер адам әйелінің көзіне шөп салған кезде есінен танып, қайтыс болды. Көңілдесі жұрттың сөзінен қорқып, жедел жәрдем шақырмаған. Мұның орнына ол ер адамның денесін лақтырып жіберді.

Әйел ер адамның денесін үйінде алты сағат ұстаған. Түнде мәйітті алып шығып, жолға қалдырып кеткен.

Оқиғаға қатысты Өзбекстанның қылмыстық кодексінің 117-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мұндай бап бойынша кінәлі деп танылған адам үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сот әйелді адамның өміріне қауіп төнген кезде көмек көрсетпегені үшін кінәлі деп таныды. 

Жаңалықтар
0