Әлем

Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді

Жазылу
Көрші елде парламенттік сайлау қорытындысына наразы болғандар митингіге шыққан болатын. Олар 6 қазан күні Ақ үйді басып алып, күш құрылымдарының басшылары ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің жеке құрамы, жетекшілігі және ардагерлері Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Омурбек Суваналиевті ғимараттан шығарып жіберді.

Бүгін 6 қазандағы жағдайдан кейін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының міндетін атқарып жүрген Омурбек Суваналиевтің қатысуымен жиын өтті. Басқосуда күш құрылымдары саясаттан тыс болуы керек екені айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ведомство қандай да бір топтардың саяси қаруына айналмайтынын жеткізді.

"Басты мақсат - Қырғызстанның дамуы үшін халыққа қызмет ету", - деді олар.

Еске сала кетсек, көрші елде парламенттік сайлау қорытындысына наразы болғандар митингіге шықты. Олар 6 қазан күні Ақ үйді басып алып, күш құрылымдарының басшылары ауысты.

Жұма күні Жээнбеков Қырғызстан халқына үндеу жасап, қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді. Ол өзінің шарттарын атады.

Жаңалықтар
0