Әлем

Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столицы
Виды столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиғаның нақты мән-жайы белгісіз, құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Он екі адам ауруханаға жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Тайваньның Илань уезінде аспалы көпір құлап, екі адам қаза болды, деп жазады South China Morning Post.

Бұл жерде жылдамдығы 137 км/сағат "Митанг" тайфуны болған. Салдарынан аспалы көпір құлап кеткен.

Ал Daily Mail басылымының мәліметіне сәйкес, апат салдарынан 14 адам зардап шеккен.

Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Видеодан автоцистерна өтіп бара жатқан кезде, көлікпен бірге аспалы көпірдің құлаған сәті анық көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, автоцистерна құлаған соң, жанып кеткен.

Тайвань ұлттық өрт сөндіру агенттінің хабарлауынша, ауыр жарақат алған көлік жүргізушісі жанып жатқан автоцистернада шығарылып, ауруханаға жеткізіліпті. Сондай-ақ, көпірдің астында қалған кемелердің ішіндегі адамдар да құтқарылған.

Тағы оқыңыз: Қытайда адамдар өтіп бара жатқан кезде аспалы көпір құлады – видео

Жағажайдағы күзет қызметкерлері де апаттан зардап шеккен. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген.

Кейін үйінді астында қалған кемелердің бірінен екі жұмысшының денесі табылған. Қалған төрт жұмысшы іздестіріліп жатыр.

Құтқару операциясына әскери тікұшақ, балықшылардың кемелері мен алпыстан астам әскери қызметкер мен дайверлер жұмылдырылыпты.

Жаңалықтар
0