Әлем

Халықаралық армия ойындары-2019: Өзбекстанда қазақстандық әскерилердің мерейі үстем болды

© Sputnik / Тимур БатыршинКазахстанские военные стали лидерами во всех трех дисциплинах соревнований Международных армейских игр – 2019, проходивших на полигоне 40-й военной базы "Отар", став первыми в конкурсах "Уверенный прием", "Мастера артиллерийского огня" и "Соколиная охота"
Казахстанские военные стали лидерами во всех трех дисциплинах соревнований Международных армейских игр – 2019, проходивших на полигоне 40-й военной базы Отар, став первыми в конкурсах Уверенный прием, Мастера артиллерийского огня и Соколиная охота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Әскери-медициналық эстафета" сайысында қазақстандықтар бес рет жеңіс тұғырына көтерілді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Халықаралық армия ойындары – 2019 аясында өткен "Әкери-медициналық эстафета" сайысының марапаттау рәсімі Өзбекстандағы "Фориш" полигонында өтті. Жеті номинацияда қазақстандық әскерилер бес жүлделі орынды жеңіп алды.

Өзбекстанда алғаш рет өтіп отырған "Әскери-медициналық эстафетаға" он екі күн бойы 11 елдің екі жүз шақты әскери медицина қызметкері қатысып, кім мықты екенін анықтады.

"Әскери-медициналық эстафета" халықаралық жарысының баспасөз орталығы хабарлағандай, барлық номинация қорытындысы бойынша бірінші орынды Өзбекстан жеңіп алды. Бірақ жекелеген номинацияларда басқа елдің әскерилері де үздік атаныпты.

Мәселен, "Жеке шеберлік" номинациясында әйелдер арасында қазақстандық аға лейтенант Ақбөпе Таңатарова бірінші орын алды.

Дәл осы номинация бойынша ерлер арасынан Қазақстанның аға лейтенанты Нұржан Қапезов үшінші орынға табан тіреген. Мұнда бірінші орынды Өзбекстан, күміс жүлдені Ресей қанжығасына байлады.

Тағы бір қола жүлде "Командалық біріншілік" жарысында қазақстандық аға лейтенант Нұржан Қапезовке, сержант Бексұлтан Тоқтаровқа, және капитан Нұржан Таупықовқа бұйырды. Бұл номинацияда қыздарымыз да үздік ойын өрнегін көрсетті – аға лейтенант Ақбөпе Таңатарова, ефрейтор Айгерім Қалиева және 3-класс сержанты Полина Саутиева екінші орын иеленген.

"Үздік көлік жүргізуші" жарысында біздің әскерилер тағы бір үшінші орынды алды, мұндағы басты қаһарман – ефрейтор Ерлан Жылгелдиев.

Сөйтіп, "Халықаралық жарыстар жеңімпазы" финалдық номинациясында Өзбекстан бірінші орынды,  Қазақстан екінші орынды, ал Ресей үшінші орынды жеңіп алды.

Жаңалықтар
0