Әлем

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуПограничная вышка, архивное фото
Пограничная вышка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шекара маңындағы екі ауыл тұрғындарының арасындағы қақтығысқа тутұғыр орнату мәселесі себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде — Sputnik. Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Ворух (Тәжікстан) ауылының тұрғындары елді мекенге кіреберісте тутұғыр орнатқысы келген, ал Ак-Сай (Қырғызстан) халқы бұған қарсы болған. Кикілжің барысында тараптардың бірі қару қолданыпты. Мемлекеттік шекара қызметі хабарлағандай, оқ атқандар қарапайым тұрғындар болуы мүмкін, себебі аңшы мылтығы қолданылған, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Тағы оқыңыз: Қырғызстанда жоғалған қазақстандықтың тағдыры не болғаны анықталды

Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара әскерінің деректері бойынша, бір Тәжікстан азаматы қаза тапқан, үшеуіне оқ тиіп, тағы жетеуі әртүрлі деңгейде жарақат алған. Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі бұдан бұрын хабарлағандай, Тәжікстанмен шекарадағы атыс салдарынан бес адам зардап шеккен.

Оқиға орнында Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара ведомстволарының ресми өкілдері, екі елдің қарулы күштер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал күрделі, бірақ бақылауда, деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі. Қазір билік өкілдері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды

Қырғыз-тәжік шекарасында оқта-текте қос мемлекет тұрғындары арасында қақтығыстар болып тұрады. Қақтығыстың себебі көбінесе - межеленбеген аумақтар.

Президенттер Сооронбай Жээнбеков пен Эмомали Рахмон осы аптада Исфарада кездесіп, мемлекеттік шекараны межелеу мәселесін талқыламақ.

Жаңалықтар
0