Әлем

Студент қызды зорлап, өлтірген қаскөйлер сотта оқиғаның қалай болғанын айтты

© AP Photo / Marcus BrandtКісен, архивтегі фото
Кісен, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың ата-анасы оның денесін мәйітханадан тауып, тісінен ғана тани алған

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қырғызстанда студент қызды зорлап, өлтіріп кеткен қаскүнемдер 20 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Бішкек қаласы Ленин аудандық сотының қаулысы Қырғызстан Жоғарғы сотының сайтында жарияланды.

Қылмыс 2017 жылдың күзінде жасалған. Екі ер адам қызбен танысып, оған арақ ішкізген, содан кейін филармония жанындағы салынып жатқан үйлердің бірінде зорлап, аяусыз ұрып-соққан. Зардап шегуші көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы пәтерлердің бірінде ер адам 18 жастағы қызды соққыға жығып, зорлаған

Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады. Олардың бірі қыз жыныстық қатынасқа қарсы болмағанын мәлімдеді.  

"Жақындасқан кезде ол қолымнан тістеп алды. Қатты ашуланып, бірнеше рет ұрып-соқтым. Ол құлап түсті, кейін беті мен мойнынан бұрағышпен (отвертка) ұрдым", - деді айыпталушы.  

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қаза болған қыздың жыныс мүшесі мен тік ішегіне зақым келген. Басы, аяқ-қолы көгеріп кеткен, ал денесіне үшкір затпен жарақат салыныпты.

Қыздың ата-анасы оның денесін бір аптадан кейін мәйітханадан тауып, тісінен ғана тани алған.

Жаңалықтар
0