Әлем

Дәрігер ата-анасының көз алдында жан тапсырған сәбиді тірілтті – видео

CC0 / / Сәбидің қолы, архивтегі сурет
Сәбидің қолы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жасар баланы аман алып қалған дәрігер желі қаһарманы болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Өзбекстан астанасында екі жасар баланы өлім аузынан алып қалған дәрігер видеоға түсіп қалды. Бүлдіршін дем ала алмай қалған.

БАҚ хабарлауынша, оқиға Ташкенттегі жеке клиникалардың бірінде болған, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Видеода ер дем ала алмай қалған балаға көмек көрсеткен дәрігерді көруге болады. Біраз уақыттан соң, бала тіріледі.

Тағы оқыңыз: Жанкешті ана баласын құтқару үшін жүк көлігінің астына ұмтылды - видео

Оқиғаға дейін далада баланың дене қызуы бірден көтеріліп, сіңірі тартылып қалған. Салдарынан сәби көз жұмған.

Ата-анасы бірден жақын маңдағы жеке клиникаға барыпты.

Дәрігер арнайы құралдардың көмегінсіз сәбиге "жаңа өмір" сыйлап, аман алып қалды. Бала дем ала бастаған кезде ол сәбиді анасына береді.

Жаңалықтар
0