15:51 21 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR506.01
  • RUB5.50
Азияда
Қысқа сілтеме алу
501 0 0

Алғыр есімді бүркіт аңшының айтқанын екі етпей, төрешілер мен көрермендерді таңғалдырды

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төрешілері қазақстандық бүркітші Арман Қошқаровтың Алғыр есімді аңшы құсына ең жоғары баға берді, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Көшпенділер ойындарының үшінші күні Кырчын шатқалында Буркут салуу – бүркітпен аң аулау жарысы өтті.

Қазақстандық бүркітшілердің аңшы құстары өз иелерінің айтқанын екі еткізбей орындады, ал Алғыр есімді бүркіттің 17 секундтық самғауы жұртты тәнті етіп, көрермендер ду қол шапалақ соқты.

"Бүркітімнің аты тегіннен-тегін Алғыр емес қой", — деді Арман Қошқаров Sputnik тілшісіне берген сұхбатында.

Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғызстанда 2-9 қыркүйек аралығында өтеді. Ауқымды жарыстарда ұлттық спорт түрлерінен 80 елдің құрамасы бақ сынаспақ. Қазақстан Көшпенділер ойындарына 200-ге тарта спортшысын аттандырып, жарыста көш бастап тұр.

Қазақстандық көкпаршылар көшпенділер жарысында алаңға неге шықпады?

Тақырып бойынша

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастады
Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік көшпенділер ойынына барады
Кілт сөздер:
Қазақстан құрамасы, ұлттық спорт түрлері, бүркіт, дүниежүзілік көшпенділер ойыны
Загрузка...

Басты тақырып