08:04 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Азияда
Қысқа сілтеме алу
550 0 0

Адиба Азиздің ұсынысын қыздардың көбі қолдаған. Олар осылайша тәжік қыздарының беделін өсіруге болады деп есептейді

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Танымал тәжік ақыны Адиба Азиз заңдарға өзгертулер енгізіп, Тәжікстаннан қыз алған шетелдіктерге 50 мың доллар қалыңмал төлетуді ұсынды, деп хабарлады centralasian.org. 

Ақын қыздың бұл ұсынысы әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызды.

Азиз шетелдік күйеу бала төлеген ақшаның жарымын қалыңдықтың есебіне аударуын, ал екінші бөлігін беске бөліп, бұл ақшаларды қыздың ата-анасына, мемлекетке, жетімдерге, мүгедектерге және қарттарға беруді ұсынған.

Адиба Азиздің ұсынысын қыздардың көбі қолдаған. Олар сол арқылы тәжік қыздарының құны мен беделін өсіруге болады деп есептейді. Бірқатары Түрікменстанда енгізілген өзгерістерді мысалға келтірді. Көрші елде түрікмен әйелі мен балаларының құқығын қорғауға қатысты заңдар қабылданған.

Дегенмен тұрғындардың бір бөлігі "қыздарды тауар секілді сатуға" қарсы шықты.  

2011 жылы Тәжікстан парламенті Отбасы кодексіне өзгеріс енгізді. Ол бойынша, республика азаматына үйленгісі келген шетел азаматы неке шартын жасап, тәжік азаматын баспанамен қамтамасыз етуі тиіс. Соның нәтижесінде Тәжікстанда шетелге үйлену көрсеткіші он есеге азайды.


Загрузка...

Басты тақырып