Әлем

Имам әлеуметтік желідегі жазбасы үшін қызметінен алынды

© AP Photo Компьютер пернетақтасы, архивтегі фото
Компьютер пернетақтасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал блогер-имамның жазбалары өз ортасындағы жамағатты екіге бөлуге себеп болған

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Ташкенттегі "Тинчлик" ("Бейбітшілік") мешітінің имам-хатибы болған, әлеуметтік желілерде шулы жазбаларымен танымал Шермурод Тогай қызметінен алынды, деп жазды centralasian.org.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы (ӨМДБ) қызметкерінің сөзінше, Шермурод Тогай әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін қызметінен алынған. Себебі оның жазбалары өз ортасындағы жамағатты екіге бөлуге себеп болған.

Колония, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстанда имам сотталды

Аты-жөнін жасырған діни басқарманың қызметкері әділет министрлігі заңның орындалуын қадағалау басқармасының төрағасы Худоёр Мелиевтің ескертпесінен кейін, бас мүфти Усманхан Алимов Шермурод Тогайды қызметінен алу жөнінде шешім шығарған.

"Тинчлик" мешітінің имам-хатибы болып Саидбакир Довудов тағайындалған.

Наурыз айында имам Шермурод Тогай Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасында жемқорлық жайлаған деп мәлімдеді.

Ал 2 наурызда жұма намаз кезіндегі уағызда ол Өзбекстан үкіметі жанындағы дін істері комитеті қызметін сынға алып, имамдарды мешіттерде "Сәлафизм"ағымы бойынша уағыз айтуға мәжбүрлеп жатыр деген. Сол кезде Шермурод Тогай ӨМДБ төрағасы қызметінен кету керек деген.


Жаңалықтар
0