04:50 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Азияда
Қысқа сілтеме алу
1407 0 0

Әйел ұлын ауруханаға алып келіп, баспалдақтан құлап қалды деп өтірік айтқан

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Қырғызстанның Ош қаласындағы ауруханада үш жасар бала комада жатып көз жұмды, деп хабарлады  Sputnik Қырғызстан елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Белгілі болғандай, 5 ақпан күні 24 жастағы Ош тұрғыны ұлын ожаумен ұрып-соғып, оны ауруханаға өзі алып келген. Қатыгез ана дәрігерлерге "балам баспалдақтан құлап қалды" деп айтқан. Әйел қамауға алынды.  

Балаға миына зақым келген, екі жартышарына (мидың) қан құйылған, бұғанасы сынып, бүйрегі зақымданған деген диагноз қойылды.  

"Ми жарақаты ауыр болғандықтан ем-дом жасалғанына қарамастан бала 11 ақпан күні сағат 18.35-те көз жұмды ", — деп хабарлады Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі. 

Анасы қамауға алынғаннан кейін бала Ош әлеуметтік қорғау басқармасының қамқорлығында болды.   


Загрузка...

Басты тақырып