https://sputnik.kz/20251105/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-5-qarasha-58443559.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 қараша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 қараша
Sputnik Қазақстан
5 қараша күні не болғанын білесіз бе? 05.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-05T00:01+0500
2025-11-05T00:01+0500
2025-11-05T08:23+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1183/92/11839240_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_34885bff3ee7df30d3502ceccdfeb18c.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.5 қарашада қандай қызықты оқиғалар болдыЖыл сайын осы күні әлем халқы ескі суреттерді түгендеу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді естеліктер мерекесі деп те атауға болатын сияқты. Себебі қалың альбомдардың арқасында жасы үлкендер өткен өмірлеріндегі ең қызықты сәттерді еске түсіріп жатады. Әр адамның балабақшаға, мектепке барарда, диплом алған кезде түскен суреттері бары сөзсіз.Бүгінде көп адам суреттерді бұрынғыдай басып шығара бермейді. Десе де, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Суреттерді телефоннан немесе өзге де сақтауға арналған құрылғылардан көре беруге болады.Ресей мен Мәскеудің басты символдарының бірі — Останкино телемұнарасы. 2018 жылы ол өзінің 51-жылдығын атап өтіп жатыр. Осы архитектуралық ескерткіштің туған күні 5 қарашада. 1968 жылы телемұнара салынып біткенде Еуропадағы бірінші, ал жер бетіндегі екінші ең биік мұнара болатын. Оның биіктігі 540 метрді құрайды.5 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар1919 жылы РФ қорғаныс министрлігінің әскери университеті құрылды;1929 жылы Мәскеуде бірінші КСРО планетарий ашылды;1935 жылы "Монополия" ойыны шығарыла бастады;1956 жылы Англияда бірінші рет түрлі-түсті көрсетілім өтті.5 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1993 жылы "Болашақ" стипендиясын белгілеу туралы" қаулы шықты;1999 жылы Көкшетау қаласында Абылай ханға ескерткіші ашылды;2009 жылы Орал қаласының электрондық картасы жасалды;2009 жылы Қазақстанда биометриялық төлқұжаттар беріле бастады;2009 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының ғалымы Берлин Иришевтің "Европаға жол. Евроодақ: интеграциялық моделінің тәжірибесі" атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті;2010 жылы Алматыда ҚР орталық мемлекеттік мұражайында Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығы құрметіне көрме ашылды.5 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1913 жылы ағылшын актрисасы, екі мәрте "Оскар" жүлдесін иеленген Вивьен Ли дүниеге келді;1938 жылы франциялық әнші әрі сазгер Джо Дассен туды;1952 жылы кеңес және украина футболшысы, жаттықтырушы Олег Блохин дүние есігін ашты;1981 жылы ресейлік журналист, актриса, қоғам қайраткері және теле-радио жүргізуші Ксения Собчак туды.5 қарашада Қазақстанда туған тұлғалар1941 жылы жазушы Берік Шаханұлы дүниеге келді;1963 жылы дүниежүзі қазақтары жыр мүшәйрасының екі мәрте жүлдегері Құл-Керім Елемес туды;1964 жылы киноактриса Гүлнәр Досматов өмірге келді.1972 жылы Петропавл қаласының экс-әкімі Болат Жұмабеков дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1183/92/11839240_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_ba864d1e7495432dc8b2aaa44c82ebb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 5 қараша
00:01 05.11.2025 (жаңартылды: 08:23 05.11.2025) 5 қараша күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
5 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды
Жыл сайын осы күні әлем халқы ескі суреттерді түгендеу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді естеліктер мерекесі деп те атауға болатын сияқты. Себебі қалың альбомдардың арқасында жасы үлкендер өткен өмірлеріндегі ең қызықты сәттерді еске түсіріп жатады. Әр адамның балабақшаға, мектепке барарда, диплом алған кезде түскен суреттері бары сөзсіз.
Бүгінде көп адам суреттерді бұрынғыдай басып шығара бермейді. Десе де, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Суреттерді телефоннан немесе өзге де сақтауға арналған құрылғылардан көре беруге болады.
Ресей мен Мәскеудің басты символдарының бірі — Останкино телемұнарасы. 2018 жылы ол өзінің 51-жылдығын атап өтіп жатыр. Осы архитектуралық ескерткіштің туған күні 5 қарашада. 1968 жылы телемұнара салынып біткенде Еуропадағы бірінші, ал жер бетіндегі екінші ең биік мұнара болатын. Оның биіктігі 540 метрді құрайды.
5 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1919 жылы РФ қорғаныс министрлігінің әскери университеті құрылды;
1929 жылы Мәскеуде бірінші КСРО планетарий ашылды;
1935 жылы "Монополия" ойыны шығарыла бастады;
1956 жылы Англияда бірінші рет түрлі-түсті көрсетілім өтті.
5 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1993 жылы "Болашақ" стипендиясын белгілеу туралы" қаулы шықты;
1999 жылы Көкшетау қаласында Абылай ханға ескерткіші ашылды;
2009 жылы Орал қаласының электрондық картасы жасалды;
2009 жылы Қазақстанда биометриялық төлқұжаттар беріле бастады;
2009 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының ғалымы Берлин Иришевтің "Европаға жол. Евроодақ: интеграциялық моделінің тәжірибесі" атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті;
2010 жылы Алматыда ҚР орталық мемлекеттік мұражайында Шоқан Уәлихановтың 175 жылдығы құрметіне көрме ашылды.
5 қарашада әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1913 жылы ағылшын актрисасы, екі мәрте "Оскар" жүлдесін иеленген Вивьен Ли дүниеге келді;
1938 жылы франциялық әнші әрі сазгер Джо Дассен туды;
1952 жылы кеңес және украина футболшысы, жаттықтырушы Олег Блохин дүние есігін ашты;
1981 жылы ресейлік журналист, актриса, қоғам қайраткері және теле-радио жүргізуші Ксения Собчак туды.
5 қарашада Қазақстанда туған тұлғалар
1941 жылы жазушы Берік Шаханұлы дүниеге келді;
1963 жылы дүниежүзі қазақтары жыр мүшәйрасының екі мәрте жүлдегері Құл-Керім Елемес туды;
1964 жылы киноактриса Гүлнәр Досматов өмірге келді.
1972 жылы Петропавл қаласының экс-әкімі Болат Жұмабеков дүниеге келді.