Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтата алатынына сенімді

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында Украинадағы қақтығысты тоқтата алатынына сенімді екенін тағы да айтты.
Сұхбат барысында журналист Америка басшысынан "қақтығысты бірнеше ай ішінде тоқтата аласыз ба? деп сұрады.
"Иә, біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын", - деп жауап берді Трамп.
Еске сала кетейік, Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Будапеште өтуге тиіс кездесуді кейінге қалдырғаннан кейін Украинадағы қақтығысты қалай да тоқтататынын мәлімдеген болатын.
"Біз тоғыз соғысты тоқтаттық. Жоқ, сегіз екен, жақын арада тағы біреуін бейбіт болмен шешеміз. Келесісі Украинадағы қақтығыс болады деп ойлаймын. Оңай болады деп ойлап едім. Біз Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтаттық, бұл соғысты да бейбіт жолмен шешеміз", - деді Трамп Токиода бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде.
Кремль бұған дейін қақтығыстың бір күнде шешілмейтін тым күрделі мәселе екенін атап өтті.
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинаға қатысты ұстанымын өзгертті - БАҚ
Жаңалықтар
0