Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін Трампты қолдайды –Уитакер

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема организации в штаб-квартире НАТО в Брюсселе.
Эмблема организации в штаб-квартире НАТО в Брюсселе. - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2025
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. НАТО Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа мүмкін болған барлық қолдауды көрсетеді, деп мәлімдеді альянс жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Мэттью Уитакер.
"НАТО-да біз президент Трампқа осы соғысты тоқтатуға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға көмектесу үшін бар күшімізді салып жұмыс істеп жатырмыз", - деді Уитакер Newsmax телеарнасының эфирінде.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұған дейін Ресей Украинамен келісімнің саяси аспектілерін талқылауға және кез келген форматта жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша Мәскеу шілде айында Ыстанбұлда Украинамен келіссөздің үшінші раунды кезінде Ресей тарапы ұсынған гуманитарлық, әскери және саяси мәселелерді нақтырақ шешу үшін үш жұмыс тобын құру туралы ұсынысқа Киевтен әлі жауап алмаған.
Трамп Путинмен Будапештте кездеспейтін болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп пен Путин Будапештте кездеспейтін болды
Жаңалықтар
0