https://sputnik.kz/20251023/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-23-qazan-58130199.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 23 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 23 қазан
Sputnik Қазақстан
23 қазанда не болғанын білесіз бе? 23.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-23T00:01+0500
2025-10-23T00:01+0500
2025-10-23T00:01+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1179/91/11799137_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_b7dc7c040963d52ad4933bfbd36893a8.jpg
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан біліңіз.23 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды1991 жылдың 23 қазанынан бастап таңғы 06:02 мен кешкі 06:02 арасында химиктер Моль күнін атап өтеді, бұл мереке Халықаралық бірліктер жүйесінде зат мөлшерінің өлшемін білдіретін бірлікке арналған.Осы шама туралы идея алғаш рет 1980-ші жылдары The Science Teacher газетінде жарық көрді. 1991 жылы 15 мамырда Prairie du Chien (Висконсин) қаласының химия пәні мұғалімі М. Ойлер осы идеяның негізінде Моль күнінің Ұлттық қорын құрды. Кейінірек химиктер осындай мерекені атап өтуді шешіпті. Күнді таңдағанда Авогадро санына сүйенсе керек — 6,02х1023. Цифрлар мерекенің күні мен уақытын көрсетеді.Ресейде бүгін жарнама қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл мерекенің тарихы 1994 жылдан басталады. Сол кезден бері біздің санамызда "жарнама" деген ұғым пайда болды, оған дейін пиар-менеджер, маркетолог, креатив қызметкер сияқты мамандықтар жайында көп ешкім біле бермейтін.23 қазанда қар барысы мекендейтін елдерде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. Бұл мереке 2013 жылы Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен қар барысын қорғау туралы Дүниежүзілік форумда қабылданған болатын. Мерекенің негізін қалаушылар осы күннің көмегімен қар барысы жануарын қорғауға, олардың тіршілік ететін мекендерінің проблемаларына қоғам назарын аударуды көздейді.23 қазанда әлемде қандай тарихи оқиғалар болды1814 жылы Еуропада алғаш рет пластикалық ота жасалды;1914 жылы Мәскеуде Щукин театр училищесі ашылды;1985 жылы Мәскеуде рок-зертхана құрылды;1990 жылы Горький қаласының атауы Нижний Новгород болып өзгертілді.23 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1961 жылы Ермак елді мекенінің атауы Ермак қаласы болып өзгерді (қазіргі Павлодар облысының Ақсу қаласы);1992 жылы Қазақстанның әскери доктрина және әскери құрылыс Концепциясы қабылданды;2003 жылы Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды;23 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1920 жылы танымал итальян балалар жазушысы әрі журналист Джанни Родари дүниеге келді;1932 жылы орыс жазушысы, "ауыл прозасының" ірі өкілдерінің бірі Василий Белов дүниеге келді;1940 жылы бразилиялық футболшы, шабуылшы Пеле дүниеге келді.1986 жылы британ актрисасы Эмилия Кларк (фильмдері: "Тақтар ойыны", "Терминатор: Генезис"").23 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді1929 жылы ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Серік Мұхамеджанов дүниеге келді;1950 жылы Қазақстанның ғылым академиясы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Жұлдызбек Абылхожин дүниеге келді;1965 жылы Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Асқар Мамин дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1179/91/11799137_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_f040960d52f215c148bb1c48828a166e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 23 қазан
23 қазанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін
Sputnik Қазақстан дерекқорынан біліңіз.
23 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды
1991 жылдың 23 қазанынан бастап таңғы 06:02 мен кешкі 06:02 арасында химиктер Моль күнін атап өтеді, бұл мереке Халықаралық бірліктер жүйесінде зат мөлшерінің өлшемін білдіретін бірлікке арналған.
Осы шама туралы идея алғаш рет 1980-ші жылдары The Science Teacher газетінде жарық көрді. 1991 жылы 15 мамырда Prairie du Chien (Висконсин) қаласының химия пәні мұғалімі М. Ойлер осы идеяның негізінде Моль күнінің Ұлттық қорын құрды. Кейінірек химиктер осындай мерекені атап өтуді шешіпті. Күнді таңдағанда Авогадро санына сүйенсе керек — 6,02х1023. Цифрлар мерекенің күні мен уақытын көрсетеді.
Ресейде бүгін жарнама қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл мерекенің тарихы 1994 жылдан басталады. Сол кезден бері біздің санамызда "жарнама" деген ұғым пайда болды, оған дейін пиар-менеджер, маркетолог, креатив қызметкер сияқты мамандықтар жайында көп ешкім біле бермейтін.
23 қазанда қар барысы мекендейтін елдерде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. Бұл мереке 2013 жылы Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен қар барысын қорғау туралы Дүниежүзілік форумда қабылданған болатын. Мерекенің негізін қалаушылар осы күннің көмегімен қар барысы жануарын қорғауға, олардың тіршілік ететін мекендерінің проблемаларына қоғам назарын аударуды көздейді.
23 қазанда әлемде қандай тарихи оқиғалар болды
1814 жылы Еуропада алғаш рет пластикалық ота жасалды;
1914 жылы Мәскеуде Щукин театр училищесі ашылды;
1985 жылы Мәскеуде рок-зертхана құрылды;
1990 жылы Горький қаласының атауы Нижний Новгород болып өзгертілді.
23 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1961 жылы Ермак елді мекенінің атауы Ермак қаласы болып өзгерді (қазіргі Павлодар облысының Ақсу қаласы);
1992 жылы Қазақстанның әскери доктрина және әскери құрылыс Концепциясы қабылданды;
2003 жылы Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды;
23 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1920 жылы танымал итальян балалар жазушысы әрі журналист Джанни Родари дүниеге келді;
1932 жылы орыс жазушысы, "ауыл прозасының" ірі өкілдерінің бірі Василий Белов дүниеге келді;
1940 жылы бразилиялық футболшы, шабуылшы Пеле дүниеге келді.
1986 жылы британ актрисасы Эмилия Кларк (фильмдері: "Тақтар ойыны", "Терминатор: Генезис"").
23 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1929 жылы ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Серік Мұхамеджанов дүниеге келді;
1950 жылы Қазақстанның ғылым академиясы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Жұлдызбек Абылхожин дүниеге келді;
1965 жылы Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Асқар Мамин дүниеге келді.