https://sputnik.kz/20251014/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-14-qazan-57863893.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан
Sputnik Қазақстан
Бұл Григориан күнтізбесінде 285-ші күн. Жыл соңына дейін 78 күн бар 14.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-14T00:01+0500
2025-10-14T00:01+0500
2025-10-14T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1172/76/11727645_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_da6391d056ec77e38cf60d1fe373dcae.jpg
14 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.14 қазанда қандай қызықты оқиғалар болдыБүгін қонжық Винни-Пухтің туған күні. Өйткені 1926 жылы дәл осы күні Кристофер Робин Милннің сүйкімді серігі туралы алғашқы кітап жарыққа шыққан еді.Кейбірі шығарма кейіпкерінің туған күнін 1921 жылдың 21 тамызы деп санайды. Бұл күні Лондон драматургі Алан Милн сүйікті ұлына жұмсақ ойыншық қонжық сыйлаған екен. Кристофер оны Винни-Пух деп атап, сол сәттен бастап қонжық оның досына әрі серігіне айналады. Баласының ойыншық қонжығымен ойынын сырттай бақылап жүрген әке Винни-Пух туралы бірнеше кітап жазуға бел буады.Рождество қарсаңында, 1925 жылдың 24 желтоқсаны, Лондонның London Evening News газетінде шығарманың бірінші бөлімі жарияланады. Ал бір жылдан кейін жеке кітап болып басылады. Алан Милннің қонжық Винни-Пух туралы шығармасы көптің көңілінен шығып, оқырмандар оның жалғасын асыға күтеді.Шығарманың танымал болғаны соншалық, әлемнің 25 тіліне аударылды.Сондай-ақ, бүгінгі күн Бүкіләлемдік батпырауықтар күні ретінде танымал. Бұл күні бүкіл әлемде адамдар батпырауықтарды аспанға ұшырып, мәре-сәре болады. Батпырауықтар туралы дерек алғаш рет көне қытай жазбаларында кездеседі.Беларусь халқы Ана күнін атап өтеді. Мереке әйелге деген зор құрметтен бастау алады.14 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар1843 жылы Мендельсонның "Үйлену тойы маршы" алғаш рет орындалды;1860 жылы Петербургте опералық Мариинский театры ашылды;1941 жылы алғаш рет "Ұмытпаймыз! Кешірмейміз!" ұраны жарияланды;1997 жылы Эрмитажда Рембрантдтың 12 жыл бойы реставрацияда жатқан "Даная" картинасы қайта қойылды. Психикалық ауытқушылығы бар адам картинаға қышқыл төгіп, оны әдейі бүлдірген еді.14 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1939 жылы Жамбыл облысы құрылды;1946 жылы Қазақстан КП ОК жанында Республикалық партия мектебі ашылды. Бұл мектепте Қазақ КСР-нің барлық лауазымды тұлғалары оқып шықты;1994 жылы Астанада ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш ашылды;2014 жылы Грекияда ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинге қатысты 1930 жылдарда латын әліпбиінде жазылған құжаттар табылды.14 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар1927 жылы британиялық киноәртіс, сценарийші, продюсер Роджер Мур дүниеге келді. Қалың көпшілікке Джеймс Бонд рөлін сомдауымен танымал;1934 жылы кеңестік, ресейлік және израильдік актер, театр және кино режиссері Михаил Козаков өмірге келді. РКФСР халық әртісі (1980). КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты (1967);1963 жылы кеңестік және ресейлік суретші-модельер Валентин Юдашкин дүниеге келді. Ресейдің халық суретшісі (2005).14 қазанда Қазақстанда кімдер туды1905 жылы халық ақыны, күйші, әнші Мұзарап Жүсіпов дүниеге келді;1916 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамит Ерғалиев өмірге келді;1931 жылы ақын, аудармашы, редактор Шәміл Мұхамеджанов дүниеге келді;1946 жылы ақын Айтуар Өтегенов туды;1964 жылы жазушы-драматург Роза Мұқанова дүниеге келген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1172/76/11727645_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_73731d4f2bd946c311b8074685ce0e3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қазан
Бұл Григориан күнтізбесінде 285-ші күн. Жыл соңына дейін 78 күн бар
14 қазанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
14 қазанда қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін қонжық Винни-Пухтің туған күні. Өйткені 1926 жылы дәл осы күні Кристофер Робин Милннің сүйкімді серігі туралы алғашқы кітап жарыққа шыққан еді.
Кейбірі шығарма кейіпкерінің туған күнін 1921 жылдың 21 тамызы деп санайды. Бұл күні Лондон драматургі Алан Милн сүйікті ұлына жұмсақ ойыншық қонжық сыйлаған екен. Кристофер оны Винни-Пух деп атап, сол сәттен бастап қонжық оның досына әрі серігіне айналады. Баласының ойыншық қонжығымен ойынын сырттай бақылап жүрген әке Винни-Пух туралы бірнеше кітап жазуға бел буады.
Рождество қарсаңында, 1925 жылдың 24 желтоқсаны, Лондонның London Evening News газетінде шығарманың бірінші бөлімі жарияланады. Ал бір жылдан кейін жеке кітап болып басылады. Алан Милннің қонжық Винни-Пух туралы шығармасы көптің көңілінен шығып, оқырмандар оның жалғасын асыға күтеді.
Шығарманың танымал болғаны соншалық, әлемнің 25 тіліне аударылды.
Сондай-ақ, бүгінгі күн Бүкіләлемдік батпырауықтар күні ретінде танымал. Бұл күні бүкіл әлемде адамдар батпырауықтарды аспанға ұшырып, мәре-сәре болады. Батпырауықтар туралы дерек алғаш рет көне қытай жазбаларында кездеседі.
Беларусь халқы Ана күнін атап өтеді. Мереке әйелге деген зор құрметтен бастау алады.
14 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар
1843 жылы Мендельсонның "Үйлену тойы маршы" алғаш рет орындалды;
1860 жылы Петербургте опералық Мариинский театры ашылды;
1941 жылы алғаш рет "Ұмытпаймыз! Кешірмейміз!" ұраны жарияланды;
1997 жылы Эрмитажда Рембрантдтың 12 жыл бойы реставрацияда жатқан "Даная" картинасы қайта қойылды. Психикалық ауытқушылығы бар адам картинаға қышқыл төгіп, оны әдейі бүлдірген еді.
14 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1939 жылы Жамбыл облысы құрылды;
1946 жылы Қазақстан КП ОК жанында Республикалық партия мектебі ашылды. Бұл мектепте Қазақ КСР-нің барлық лауазымды тұлғалары оқып шықты;
1994 жылы Астанада ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш ашылды;
2014 жылы Грекияда ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинге қатысты 1930 жылдарда латын әліпбиінде жазылған құжаттар табылды.
14 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар
1927 жылы британиялық киноәртіс, сценарийші, продюсер Роджер Мур дүниеге келді. Қалың көпшілікке Джеймс Бонд рөлін сомдауымен танымал;
1934 жылы кеңестік, ресейлік және израильдік актер, театр және кино режиссері Михаил Козаков өмірге келді. РКФСР халық әртісі (1980). КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты (1967);
1963 жылы кеңестік және ресейлік суретші-модельер Валентин Юдашкин дүниеге келді. Ресейдің халық суретшісі (2005).
14 қазанда Қазақстанда кімдер туды
1905 жылы халық ақыны, күйші, әнші Мұзарап Жүсіпов дүниеге келді;
1916 жылы ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамит Ерғалиев өмірге келді;
1931 жылы ақын, аудармашы, редактор Шәміл Мұхамеджанов дүниеге келді;
1946 жылы ақын Айтуар Өтегенов туды;
1964 жылы жазушы-драматург Роза Мұқанова дүниеге келген.