https://sputnik.kz/20250930/toqaev-dostyq--moyynty-temirzholynyn-ekinshi-zhelisin-iske-qosty-57486095.html
Тоқаев "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісін іске қосты
Тоқаев "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісін іске қосты
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу жоспарланып отыр, сондай-ақ 11 мың шақырым теміржол жөнделеді 30.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-30T11:06+0500
2025-09-30T11:06+0500
2025-09-30T11:48+0500
президент
теміржол
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57486323_0:49:1280:769_1920x0_80_0_0_19774fbbce8a5d008d0dde4e67cd20a5.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды, деп хабарлады Ақорда."Бәріміз "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. "Достық – Мойынты" жолы – шын мәнінде аса маңызды инфрақұрылым жобасы. Бұл жоба Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің дамуына, оның тиімділігін нығайтуға айрықша серпін беретіні сөзсіз", - деді Тоқаев.Тоқаев Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтетінін айтты.Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы, еліміз үшін айрықша стратегиялық маңызы бар жоба."Жұмысшыларымыз үш жылға жуық уақыт бойы күні-түні табанды еңбек етті. Осындай белсенді жұмыстың арқасында теміржол мерзімінен бұрын іске қосылады. Мұны, шын мәнінде, тарихи сәт деуге болады. Бұл – баршаңызға ортақ қажырлы еңбектің жемісі. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Зор ризашылығымды білдіремін. Жаңа жол жүк тасымалының көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспорттық тауарларды жеткізу уақытын қысқартып, транзиттік әлеуетімізді күшейте түседі", – деді президент.Президент еліміздің бүгінде Еуразиядағы басты транзит хабының біріне айналғанын айтты."Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғап тұр. Жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді. Оның бәрі әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашады. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән береміз. Соңғы он жылда осы салаға шамамен 35 миллиард доллар инвестиция салынды", – деді Тоқаев.Мемлекет басшысы алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ 11 мың шақырым теміржол жөнделетенін айтты.
https://sputnik.kz/20250618/qytaymen-shekarada-dostyq-zhana-otkizu-punkti-zhumys-istey-bastady-54826154.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/1e/57486323_96:0:1185:817_1920x0_80_0_0_0574c8980596db1a4a022391f68deaba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, теміржол, қытай
президент, теміржол, қытай
Тоқаев "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісін іске қосты
11:06 30.09.2025 (жаңартылды: 11:48 30.09.2025) Алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу жоспарланып отыр, сондай-ақ 11 мың шақырым теміржол жөнделеді
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды, деп хабарлады Ақорда.
"Бәріміз "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. "Достық – Мойынты" жолы – шын мәнінде аса маңызды инфрақұрылым жобасы. Бұл жоба Қазақстанның көлік-логистика жүйесінің дамуына, оның тиімділігін нығайтуға айрықша серпін беретіні сөзсіз", - деді Тоқаев.
Тоқаев Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтетінін айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы, еліміз үшін айрықша стратегиялық маңызы бар жоба.
"Жұмысшыларымыз үш жылға жуық уақыт бойы күні-түні табанды еңбек етті. Осындай белсенді жұмыстың арқасында теміржол мерзімінен бұрын іске қосылады. Мұны, шын мәнінде, тарихи сәт деуге болады. Бұл – баршаңызға ортақ қажырлы еңбектің жемісі. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Зор ризашылығымды білдіремін. Жаңа жол жүк тасымалының көлемін 5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспорттық тауарларды жеткізу уақытын қысқартып, транзиттік әлеуетімізді күшейте түседі", – деді президент.
Президент еліміздің бүгінде Еуразиядағы басты транзит хабының біріне айналғанын айтты.
"Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты жалғап тұр. Жеріміз арқылы 5 теміржол дәлізі өтеді. Оның бәрі әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашады. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән береміз. Соңғы он жылда осы салаға шамамен 35 миллиард доллар инвестиция салынды", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта 5 мың шақырым теміржол салу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ 11 мың шақырым теміржол жөнделетенін айтты.
"Қазір "Мойынты – Қызылжар" теміржолы салынып жатыр. Қызылжар станциясынан Ақтау портына дейінгі учаскелер жаңғыртылады. Бұл бағдар – Транскаспий халықаралық көлік бағдарының басты бөлігі. Мұның бәрі Еуропа пен Азияның арасын жалғап, Транс-Қазақстан теміржол бағытының, яғни Орта дәліздің қарқынды дамуына ықпал етеді", - дейді президент.