АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан Қаржы министрлігі Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекаралас 9 өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.Жоба аясында ескірген инфрақұрылымды толық ауыстыра отырып, заманауи жаңа өткізу пункттерін салу көзделген.2025 жылдың басынан бері 4 жаңғыртылған өткізу пункті іске қосылды:Жыл соңына дейін "Қазығұрт", "Тәжен", "Темір баба", "Майқапшағай" және "Бақты" бес өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық автомобиль өткізу пунктінде "CarGoRuqsat" электронды кезек жүйесі енгізілді. Бұл республикалық маңызы бар автожолдарда автокөлік құралдарының нақты жиналуын жоюға, тасымалдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.2024 жылдан бастап 20 модульмен бірыңғай цифрлық платформа "Кеден" жүйесі енгізілуде, бүгінгі күні оның 13 модулі жұмыс істеуде.Өткізу мүмкіндігі 2022 жылы 640 мың көлік құралынан 2024 жылы 1,4 миллионға дейін өсті. Жаңғырту ашықтыққа, тауар ағынын жеделдетуге, шекара маңы экономикасын дамытуға бағытталған.
Жыл соңына дейін тағы бес өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қазақстан Қаржы министрлігі Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекаралас 9 өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Қазақстанның Қытаймен және Өзбекстанмен шекарасында жаңа кеден бекеттері ашылды
Жоба аясында ескірген инфрақұрылымды толық ауыстыра отырып, заманауи жаңа өткізу пункттерін салу көзделген.
"Жаңа нысандар халықаралық стандарттарға сай салынған және көлік құралдарын сканерлеуге, тексеруге және автоматты өлшеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың басынан бері 4 жаңғыртылған өткізу пункті іске қосылды:
Қытаймен шекарада – "Көлжат" және "Алакөл";
Өзбекстанмен шекарада — "Қапланбек" және "Атамекен".
Жыл соңына дейін "Қазығұрт", "Тәжен", "Темір баба", "Майқапшағай" және "Бақты" бес өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.
"Көлік қозғалысы жолағының саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды, бақылау жүргізушінің кабинасынан шықпай-ақ өтеді, ал процестердің толық автоматтандырылуының арқасында шекарадан өту уақыты орта есеппен 30 минутқа дейін қысқартылды", - деп атап өтті комитет.
ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық автомобиль өткізу пунктінде "CarGoRuqsat" электронды кезек жүйесі енгізілді. Бұл республикалық маңызы бар автожолдарда автокөлік құралдарының нақты жиналуын жоюға, тасымалдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның Қытаймен және Өзбекстанмен шекарасында жаңа кеден бекеттері ашылды
2024 жылдан бастап 20 модульмен бірыңғай цифрлық платформа "Кеден" жүйесі енгізілуде, бүгінгі күні оның 13 модулі жұмыс істеуде.
Өткізу мүмкіндігі 2022 жылы 640 мың көлік құралынан 2024 жылы 1,4 миллионға дейін өсті. Жаңғырту ашықтыққа, тауар ағынын жеделдетуге, шекара маңы экономикасын дамытуға бағытталған.