40 жылда алғаш рет: Жамбыл облысында

Шу өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2025
Жазылу
Тазалау жұмыстарын биыл аяқтап, канал арқылы су жіберу жоспарланып отыр
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында Фурманов айналма каналы 40 жылдан кейін алғаш рет тазартыла бастады, деп хабарлады су ресурстар және ирригация министрлігі.
Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзенінің суын жеткізуді жақсарту мақсатында Фурманов айналма каналын механикалық әдіспен тазарту жұмыстары басталды.
Тазалау жұмыстарын биыл аяқтап, канал арқылы су жіберу жоспарланып отыр. Бұл Шу өзенінен экологиялық мақсатта жіберілетін судың тиімділігін арттырып, Созақ ауданындағы табиғи жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
"Министрлік жыл сайын Тасөткел су қоймасынан Созақ ауданының экожүйесін қолдау үшін шамамен 200 млн текше метр су жібереді. Каналды тазарту су жіберудің тиімділігін арттырып, 40 жылдан бері алғаш рет оны өз мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар канал бойындағы елді мекендердің суға қолжетімділігі жақсарады", – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.
Былтыр қыркүйек айынан бастап биыл сәуір айының соңына дейін Шу өзені арқылы Созақ ауданына 1,5 млрд текше метрден астам су жіберілгенін еске сала кетейік.
Фурманов айналма каналының өткізу мүмкіндігі – секундына 45-50 текше метр, ұзындығы – 120 шақырым. Нысан Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек ауылдарының бойынан өтеді.
Жаңалықтар
0