ЕАЭО-да адал бәсекелестік үшін тиімді тетіктер бар - ЕЭК министрі

© Photo : Пресс-служба ЕЭКМаксим Ермолович
Максим Ермолович  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2025
Жазылу
Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясы Мәскеудегі монополияға қарсы форумға қатысты
АСТАНА, 11 маусым-Sputnik. ЕАЭО кеңістігінде адал бәсекелестікті қолдау үшін қажетті құралдар бар, деп мәлімдеді ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолұлы.
Монополияға қарсы форумда Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясын басқара отырып, ол комиссияның жетістіктері мен нарықтарды зерттеу аспектілері туралы айтты.

"Бәсекелестік жөніндегі блок кәсіби қоғамдастықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және бәсекелестік саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға үлкен мән береді. Мұның бәрі ЕАЭО кеңістігінде адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің тиімді құқықтық және институционалдық тетіктерін қалыптастыруға жәрдемдеседі", – деді ЕЭК министрі.

Оның пікірінше, ЕЭК бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бәсекелестік ортаны қолдау үшін барлық қажетті құралдарға ие: құқық қолдану практикасы қалыптасқан, бәсекелестік құқықты жетілдірудің тұрақты процесі жүріп жатыр.
"Біз комиссияның трансшекаралық нарықтарға қатысуын кеңейту үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап өтті министр.
Ол ЕЭК міндеттерінің арасында "еуразиялық бестік" елдері кәсіпкерлерінің осындай нарықтардағы бәсекелестік қағидаттары мен ережелері туралы хабардар болуы мәселелері белгіленгенін айтты.
Қазақстан орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоғарғы көрсеткішке ие - ЕАЭО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
ЕАЭО: Қазақстан құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие
Жаңалықтар
0