Бір ғана Алматы облысында 5 мың алаяқтық хабарлама бұғатталды

© pexels.comПеревод денег по мобильному приложению, иллюстративное фото
Перевод денег по мобильному приложению, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Жазылу
Тағы 7 мың аккаунт тексеріліп жатыр
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Бір ғана Алматы облысында алаяқтардың 5 мыңнан астам хабарламасы бұғатталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Ірі онлайн-платформалар: Krisha.kz, Kolesa.kz, OLX.kz өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында алаяқтық белгілері бар 5 мыңнан астам аккаунт анықталып, бұғатталды. Тағы 7 мың аккаунт тексеріліп жатыр.
"Бұл аккаунттардың басым бөлігі Алматы қаласы мен облысында пәтерлерді тәуліктік жалға беру, жылжымайтын мүлікті сату, автокөліктерді әдейі төмен бағамен сату және шетелден автокөлік бөлшектерін жеткізу тақырыптарымен байланысты", - дейді ведомство.
Алаяқтар, әдетте, өздеріне тиесілі емес объектілердің жалған фотосуреттерін пайдаланып "бронь" үшін алдын ала төлем талап еткен, дейді прокуратура.
Жаңалықтар
0