Президент тіл мәселесі арқылы алауыздық туғызатындарға ескерту жасады

© Sputnik / Абзал КалиевСловарь
Словарь - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Тоқаев олар тиісті жазасын алатынын айтты
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт тіл мәселесімен арандатушылық жасайтындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан ассамблеясының бүгінгі отырысында мемлекет басшысы мектеп түлектерінің 80 пайызға жуығы ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырып жүргенін еске салды. Биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде оқиды. Соған қарамастан, тіл мәселесімен араңдатушылық жасайтындар азаятын емес.
"Әрине, елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды "мына тілде сөйле" деп мәжбүрлемеуі тиіс. Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады. Бұл ретте үй ішіндегі ғана емес, шетелде отырып әлдебір ұйымдардың ақшасы мен тапсырмасына деструктивті әрекетпен айналысатын арандатушылар туралы да айтып отырмыз", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент халқымыздың татулығын бұзып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде жауапқа тартылатынын тағы бір мәрте ескертті.
Тоқаев олар тиісті жазасын алатынын айтты. Ал ынтымақ пен бірлікті нығайтуға үлес қосқан азаматтар әрдайым зор құрметке ие болады.
Токаев выступает на сессии Ассамблеи народа Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Тоқаев Ассамблеяны дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды
Жаңалықтар
0