Демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайды - Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Оның айтуынша, еліміздің әл-ауқаты, соның ішінде демократия мен сөз бостандығы үшін шетелде ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздамайды
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген арандатуға қатаң тосқауыл қойылатынын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа болмайды. Бұл Қазақстаннан көшіп кетіп, шетелде жүріп халқымызға шабуыл жасайтын, тіпті, мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтарымыздың әрекеті. Олар шет мемлекеттер берген ақшаны ақтауға жұмыс істеп жүр. Бүгінде мұны бәрі біледі. Демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайды", - деді Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының бүгінгі сессиясында .

Оның айтуынша, еліміздің әл-ауқаты, соның ішінде демократия мен сөз бостандығы үшін шетелде ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздамайды. Оны нақты түсінген жөн.
"Жақында шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттері әшкереленді. Сонда олардың арам ниеті, ашкөздігі мен Қазақстанға жаны ашымайтыны анық көрінді. Сондай-ақ кейбір танымал қазақстандық грант алушылардың көлеңкелі әрекеті де белгілі болды. Қазақстанда проблема жоқ демейміз. Әрине, басқа елдердегідей бізде де түйткілдер бар. Бірақ біз оны әлдекімдердің әдістемесімен емес, өзіміздің ұлттық мүддеміз бен заңнама аясында шешеміз", - деп атап көрсетті президент.
Словарь - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Президент тіл мәселесі арқылы алауыздық туғызатындарға ескерту жасады
Жаңалықтар
0