https://sputnik.kz/20250421/kuyeui-ortegen-ayel-eki-zhylga-sozylgan-sotqa-nukte-qoyyldy-52690965.html
Күйеуі өртеген әйел: екі жылға созылған сотқа нүкте қойылды
Күйеуі өртеген әйел: екі жылға созылған сотқа нүкте қойылды
Sputnik Қазақстан
Сот материалдық шығын ретінде 1 млн теңге ғана өтеп беру туралы шешім шығарды 21.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-21T13:43+0500
2025-04-21T13:43+0500
2025-04-21T13:43+0500
сот
алматы
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматыда күйеуі дүкенмен қосып жарып жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Азаматтық некедегі шетелдік күйеуі қызғаныштан жарып жіберген Индира Тергеубаева жергілікті көші-қон полициясының үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Өйткені шетел азаматын департациялау туралы соттың шешімін көші-қон полициясы кезінде дер кезінде орындамаған. Депортацияланбаған шетелдік Индираны үнемі қорқытып, ұрып-соғумен болады. Ақыры шетелдік күйеу ырқына көнбеген әйелін дүкенімен қосып жарып жіберген.Ауруханада ұзақ жатып емін алған Индира Тергеубаева әділдік іздеп шарқ ұрды.Бірнеше ауыр ота жасалған ол мүгедек болып қалады. Ал қалыпты өмір сүруі үшін еміне 45 млн теңге қаражат кетеді. Индира шетелдік күйеуін дер кезінде департация жасамаған көші-қон полициясының үстінен сотқа шағым түсіреді.Іс Алматыдағы Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот үкімімен Алмалы аудандық көші қон полициясы бөлімінің қызметкері Қылмыстық Кодекстің 271 баптың 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Бірақ қылмыстық істің уақыты өтіп кеткендіктен жазадан босатылған, бірақ ол қызметкер сотталған болып есептеледі.Еске сала кетейік, 2022 жылы желтоқсанда Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. 41 жастағы Индира Тергеубаеваны азаматтық некедегі күйеуі бензин құйып өртеп жіберді.
https://sputnik.kz/20250408/almatyda-kuyeui-ortep-zhibergen-ayeldin-shagymy-boyynsha-sot-zhurip-zhatyr-52303495.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, алматы
Күйеуі өртеген әйел: екі жылға созылған сотқа нүкте қойылды
Сот материалдық шығын ретінде 1 млн теңге ғана өтеп беру туралы шешім шығарды
АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматыда күйеуі дүкенмен қосып жарып жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Азаматтық некедегі шетелдік күйеуі қызғаныштан жарып жіберген Индира Тергеубаева жергілікті көші-қон полициясының үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Өйткені шетел азаматын департациялау туралы соттың шешімін көші-қон полициясы кезінде дер кезінде орындамаған. Депортацияланбаған шетелдік Индираны үнемі қорқытып, ұрып-соғумен болады. Ақыры шетелдік күйеу ырқына көнбеген әйелін дүкенімен қосып
жарып жіберген.
Ауруханада ұзақ жатып емін алған Индира Тергеубаева әділдік іздеп
шарқ ұрды.
Бірнеше ауыр ота жасалған ол мүгедек болып қалады. Ал қалыпты өмір сүруі үшін еміне 45 млн теңге қаражат кетеді. Индира шетелдік күйеуін дер кезінде департация жасамаған көші-қон полициясының үстінен сотқа
шағым түсіреді.Іс Алматыдағы Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот үкімімен Алмалы аудандық көші қон полициясы бөлімінің қызметкері Қылмыстық Кодекстің 271 баптың 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Бірақ қылмыстық істің уақыты өтіп кеткендіктен жазадан босатылған, бірақ ол қызметкер сотталған болып есептеледі.
"Материалдық шығын ретінде 1 млн теңге ғана өтеп беру туралы шешім шығарды. Судья Тергеубаеваға қалған материалдық шығынын өтеу туралы сотқа азаматтық талап-арызбен жүгіну керектігін айтты. Сондай-ақ судья аудандық көші-қон полициясының басшылығына қатысты да қаулы шығарды", - дейді Индира Тергеубаеваның адвокаты Айнара Айдарханова.
Еске сала кетейік, 2022 жылы желтоқсанда Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. 41 жастағы Индира Тергеубаеваны азаматтық некедегі күйеуі бензин құйып
өртеп жіберді.