https://sputnik.kz/20250411/-sheteldik-kompaniyalar-shymkentte-zhylyzhay-keshenderin-saluga-investitsiya-quyuga-nietti--52404982.html
Шетелдік компаниялар Шымкентте жылыжай кешендерін салуға инвестиция құюға ниетті
Шетелдік компаниялар Шымкентте жылыжай кешендерін салуға инвестиция құюға ниетті
Sputnik Қазақстан
Президент Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті 11.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-11T13:21+0500
2025-04-11T13:21+0500
2025-04-11T13:23+0500
шымкент
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52403041_0:21:1280:741_1920x0_80_0_0_642cc5cbe82fed4afa31bf3897a531a9.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Шымкенттегі сауда-логистика орталығы мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады, деп хабарлайды Ақорда.Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығын аралады.Аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған.Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін де аралап көрдіҚаладағы 50-ге жуық өңдеуші кәсіпорын былтыр 168,5 млрд теңгенің өнімін шығарған.Жылыжай кешендерін салуға түркиялық Alarko Holding компаниясы 650 млн доллар, ал Польшаның Fabe Polska SP кәсіпорны 136 млн доллар көлемінде инвестиция құюға ниетті.Айта кетері, Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентте жүр. Бұған дейін президент Шымкент әуежайының жаңа терминалын аралап көргені хабарланған болатын.
https://sputnik.kz/20250411/shymkent-auezhayynyn-zhana-terminalyna-24-mlrd-tenge-qarazhat-zhumsalgan-52400960.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52403041_132:0:1148:762_1920x0_80_0_0_ddd098469d609ba5505262fa2adffa24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қасым-жомарт тоқаев
шымкент, қасым-жомарт тоқаев
Шетелдік компаниялар Шымкентте жылыжай кешендерін салуға инвестиция құюға ниетті
13:21 11.04.2025 (жаңартылды: 13:23 11.04.2025) Президент Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Шымкенттегі сауда-логистика орталығы мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығын аралады.
Аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған.
Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін де аралап көрді
Қаладағы 50-ге жуық өңдеуші кәсіпорын былтыр 168,5 млрд теңгенің өнімін шығарған.
Жылыжай кешендерін салуға түркиялық Alarko Holding компаниясы 650 млн доллар, ал Польшаның Fabe Polska SP кәсіпорны 136 млн доллар көлемінде инвестиция құюға ниетті.
Айта кетері, Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентте жүр. Бұған дейін президент Шымкент әуежайының жаңа терминалын аралап көргені хабарланған болатын.