Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинада бейбітшілік орнатуға мүдделі емес – Вольфович

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович Еуроодақ Украинада бейбітшілік орнатуға мүдделі емес деп мәлімдеді.
"Біз бейбіт процестер туралы ақпарат (АҚШ-тың Украина қақтығысын шешуге бағытталған бастамалары туралы – ред.) пайда бола бастаған алғашқы күндері Еуропаның оны қаншалықты агрессивті түрде қабылдағанын көріп отырмыз... Еуропа бүгінде бейбітшілікке мүдделі емес. Ең қорқыныштысы осы", - деді Вольфович "Беларусь 1" телеарнасында.
Ол Батыс елдері Украинаға қақтығысты жалғастыру үшін қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырып жатқанын атап өтті.
"Жиырма миллиард еуро (Украинаға көмек ретінде – ред.) құйылды. Бұл таралып кеткен ақпарат, мүмкін одан да көп шығар деп ойлаймын", - деп толықтырды мемлекеттік хатшы.
Вольфович әскери әрекетті тоқтату және бейбіт реттеу қажеттілігі туралы айтқан кезде жағдай күлкілі болып көрінетінін, өйткені олар Украинаны оқ-дәрілер мен материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастырып жатқанын атап өтті.
"Бірақ ең бастысы... Әскери әрекеттің басталуының түпкі себебін ешкім қарастырып жатқан жоқ, бұл Еуропаны да, Американы да қызықтырмайды", - деп түйіндеді Вольфович.
Жаңалықтар
0