https://sputnik.kz/20250331/sergeev-su-bogetinin-tubinen-940-tekshe-metr-topyraq-alyndy-52071197.html
"Сергеев" су бөгетінің түбінен 940 текше метр топырақ алынды
"Сергеев" су бөгетінің түбінен 940 текше метр топырақ алынды
Sputnik Қазақстан
Сергеев және Петропавл су тораптарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды 31.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-31T12:50+0500
2025-03-31T12:50+0500
2025-03-31T12:50+0500
су тасқыны
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/03/18/51892991_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_01f89fbf642fca4276efdf52fbb86bdc.jpg
АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Су тасқынына дайындық аясында Сергеев және Петропавл су тораптары жөндеуден өтті, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі. Жұмыстардың негізгі бөлігі жағалауды нығайту және Сергеев пен Петропавл су тораптарының беткейін орнатуға бағытталды. Бұған дейін Сергеев су торабы бөгетінің жанында түбін тереңдету жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде ол жерден 940 текше метр топырақ алынды.Белгілі болғандай, 19 наурыздан бері Сергеев және Петропавл су тораптарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, мүдделі органдар, сондай-ақ Ресейдің Тюмень облысындағы әріптестерімізбен су қоймаларынан су жіберу және су жинау туралы ақпарат алмасу жүргізілді. Сондай-ақ, Есіл өзенінің табиғи арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20250324/soltustik-qazaqstan-oblysynda-su-tasqyny-dronmen-baqylanyp-zhatyr-51899893.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/18/51892991_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_6311ff0c56beaf5dbdf4398275edcb43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, солтүстік қазақстан облысы
су тасқыны, солтүстік қазақстан облысы
"Сергеев" су бөгетінің түбінен 940 текше метр топырақ алынды
Сергеев және Петропавл су тораптарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Су тасқынына дайындық аясында Сергеев және Петропавл су тораптары жөндеуден өтті, деп
хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жұмыстардың негізгі бөлігі жағалауды нығайту және Сергеев пен Петропавл су тораптарының беткейін орнатуға бағытталды. Бұған дейін Сергеев су торабы бөгетінің жанында түбін тереңдету жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде ол жерден 940 текше метр топырақ алынды.
Белгілі болғандай, 19 наурыздан бері Сергеев және Петропавл су тораптарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, мүдделі органдар, сондай-ақ Ресейдің Тюмень облысындағы әріптестерімізбен су қоймаларынан су жіберу және су жинау туралы ақпарат алмасу жүргізілді.
"Сергеев су қоймасына су тасқыны басталғаннан бері 338,7 млн текше метр су келіп, 222,9 млн текше метр су жіберілді. Петропавл су қоймасына 45,2 млн текше метр су келіп, 46,1 млн текше метр су жіберілді",– делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Есіл өзенінің табиғи арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.