Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату мүмкіндігі туралы айтты

© РИА НовостиДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп демалыс күндері көп жұмыс атқарылғанын және Украинадағы қақтығысты тоқтатудың "өте жақсы мүмкіндігі" бар екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Демалыс күндері көп жұмыс жасалды. Біз бұл қақтығысты аяқтай аламыз ба, жоқ па білгіміз келеді. Бәлкім, жасай алмаймыз. Мүмкін қолымыздан келеді. Бірақ менің ойымша, бізде өте жақсы мүмкіндік бар", - деді Трамп журналистерге.
Сонымен қатар, Дональд Трамп сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Ол ресейлік әріптесімен аумақтарды және АЭС бақылауы туралы мәселелерді қозғауды көздеп отыр.
Жаңалықтар
0