Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО бас хатшысы: Еуропа елдерінің басшылары Украинаға көмектескісі келеді

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО эмблемасы
НАТО эмблемасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
Рютте болашақта украиналық қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге дайындықтың маңыздылығын да айтты
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. НАТО бас хатшысы Марк Рютте бірқатар Еуропа елінің басшылары Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беруге, сондай-ақ қорғаныс шығындарын ұлғайтуға көмектесу ниеті туралы естігенін айтты, деп хабарлады РИА Новости. Бұл туралы Бас хатшы журналистерге берген сұхбатында айтты.
Жексенбі күні Лондонда бірнеше Еуропа елі басшыларының бейресми саммиті өтіп, онда Украинадағы жағдай мен ұжымдық еуропалық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
"Мен бүгін үстел басында жақсы жаңалықтарды естідім. Бұл қай елдер екенін мен сіздерге айтпаймын, өйткені олар бұл мәлімдемені өздері жасауы керек. Бірақ Еуропа елдерінің көпшілігі қорғаныс шығындарын арттыратыны өте жақсы жаңалық", - деді Рютте журналистерге.
Рютте болашақта украиналық қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге дайындықтың маңыздылығын да айтты. Бас хатшының айтуынша, Еуропа елдерінің Киевке қауіпсіздік кепілдігін беруге көмектесуге дайын болатынына кепілдік беру қажет.
Рютте сонымен қатар президент Дональд Трамп билікте тұрған кезде АҚШ НАТО-дан шығады деген қауіпке қарсы пікір айтты. Ол Америка басшысымен тұрақты байланыста екенін баса мәлімдеді.
"Трамптың НАТО-ның ұжымдық қорғанысының 5-бабына қатысты ұстанымы әлі де берік. АҚШ кете ме, кетпей ме деген жалған ақпарат таратуды доғару керек. АҚШ НАТО-да және АҚШ НАТО-ға адал", - деді Рютте.
Ақпан айының соңында Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен өткізген баспасөз мәслихатында НАТО-ның ұжымдық қауіпсіздігі туралы НАТО Жарғысының 5-бабын қолдайтынын, бірақ Украинаға ықтимал әскери орналастыруға қатысты бұл қажет болмайтынын айтты.
Трамптың өзі бірнеше рет альянс жұмысына көңілі толмайтынын білдіріп, еуропалық серіктестер өз қауіпсіздігі үшін үлкен қаржылық жауапкершілікті мойнына алмаса, АҚШ НАТО-дан шығады деп қорқытқан.
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Зеленскийдің келіссөздерге дайын екеніне сенімді
Жаңалықтар
0