Алматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды

© Оқу-ағарту министрлігіАлматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды
Алматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
Білім ордасы биыл ашылады деп жоспарлануда
АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Алматыда "ABAI ULTTYQ MEKTEBI" алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды. Аймаққа жұмыс сапары барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп құрылысымен танысты, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Мектеп 900 оқушыға арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені қарастырылған. Ол биылғы жылы ашылады деп жоспарланып отыр.
Жаңа білім беру ұйымының концепциясы Абай философиясына, оның ішінде "бес асыл іс" идеясына негізделген.
"ABAI ULTTYQ MEKTEBI"-нің құрылуы – отандық білім беруді дамытудағы ең маңызды стратегиялық қадамдардың бірі, ол өзінің шыққан тегін жақсы білетін, бірнеше тілді меңгерген және жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатын зиялылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталады", - деді министр.
© Оқу-ағарту министрлігіАлматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды
Алматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Алматыда алғашқы ұлттық мектептің құрылысы басталды
Жобаны жүзеге асырудағы маңызды қадам - "ABAY-Programme" біртұтас білім беру бағдарламасының әзірленуі болып табылады. Ол көптілді, зиялы және ұлттық сипаттағы тұлғаны қалыптастыруға негізделген.
Мектеп сондай-ақ еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестік орнатады. Ынтымақтастық аясында "Абай зертханасы" құрылып, ол гуманитарлық білім саласындағы әдістемелік және ғылыми зерттеулер орталығына айналады.
Түркиядағы Аккую АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
АЭС салынатын жер белгілі - құрылысы қашан басталады
Жаңалықтар
0