Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мәскеуде Беларусь журналистері жазған кітаптың таныстырылымы өтті

© РИА Новости / Медиабанкке өтуДонбасс. Архивное фото
Донбасс. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жазылу
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Мәскеуде Беларусь авторлары ұжымының "Донбасс—Новороссия. Белорусский взгляд" таныстырылымы өтті, онда Украинадағы қақтығыс аймағындағы жұмыс кезінде жиналған материалдар ұсынылған. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Сондай-ақ Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының депутаты, Ұлттық кітапхананың бас директоры Вадим Гигин, "Столичное телевидение" беларусь телеарнасының саяси шолушысы Григорий Азаренок, "Союз" қозғалысы" әлеуметтік-мәдени қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Сергей Лущ, Беларусь бірінші ақпараттық телеарнасының арнайы тілшісі Ксения Лебедева кітапқа атсалысты.
"Көп сапар жасадық, біз Донбасстың түкпір-түкпірін, Новороссияны түгел араладық. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейін... Әр түрлі әсер болды, бастысы – адамдар. Ең алдымен бұл Донбасс тұрғындары туралы кітап", - деді Григорий Азаренок кітаптың таныстырылымында.
Кітапта жауынгерлер, гуманитарлық көмек, дәрі-дәрмек жеткізіп жатқан еріктілер, барлық қамқор адамдар туралы баяндалады, деп атап өтті Сергей Лущ.
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамптың арнайы өкілі Киевке келді
Жаңалықтар
0