https://sputnik.kz/20250207/zhetisu-oblysynda-qaytarylgan-aktivter-esebinen-zhana-mektep-salynady-50633005.html
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады
Sputnik Қазақстан
Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге қаржы бөлді 07.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-07T09:52+0500
2025-02-07T09:52+0500
2025-02-07T09:52+0500
жетісу облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/02/07/50630364_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ebb3859d882b63133aa4a917720fea7f.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Жетісу облысының Көксай ауылында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады.Қазіргі таңда елді мекенде жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алуда. Сонымен қатар білім ошағында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді.Бүгінгі таңда үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға Арнайы мемлекеттік қордан 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық көмек көрсету стансасы бар."Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң субъектілері есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынып жатыр.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/07/50630364_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_a58243701ee6e093f8e6d3a07ad3a8ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, мектеп
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады
Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге қаржы бөлді
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Жетісу облысының Көксай ауылында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынады.
Қазіргі таңда елді мекенде жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алуда. Сонымен қатар білім ошағында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді.
"Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі және мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала тұрады", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға Арнайы мемлекеттік қордан 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық көмек көрсету стансасы бар.
"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң субъектілері есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынып жатыр.