Оралда 25 жыл бұрын екі адамды өлтіруге қатысы бар қылмыскерлер ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен, сот залында
Қолкісен, сот залында - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Жазылу
Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Ішкі істер министрлігі прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды.
Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болған. Оқиға кезінде екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.
"Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Департамент басшысының айтуынша, қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі" бабы бойынша жүргізілуде. "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда.
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Қазақстанда қылмыс жиі жасалатын қалалардың тізімі жарияланды
Жаңалықтар
0