Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Освенцим азат етілгеніне – 80 жыл

© Photo : Посольство России в Казахстане Освобождение Освенцима
Освобождение Освенцима - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Жазылу
Бұл – ең үлкен неміс концлагері
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. 1945 жылдың 27 қаңтарында Кеңес әскерлері Польшаның оңтүстігінде орналасқан немістердің ең үлкен концлагері – Освенцимді азат етті.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі осы оқиғаны еске алды.
Освенцим
Освенцим - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Освенцим
Концлагерьде өлтірілгендердің нақты саны әлі белгісіз, фашистер "ажал лагерлеріне" келгеннен кейін бірден газ камераларына жіберілген құрбандардың есебін жүргізбеген, ал 1944 жылдан кейін олар өз қылмыстарының дәлелі болатын деректі және материалдарды жоя бастады.
© Photo : Посольство России в Казахстане Освобождение Освенцима
Освобождение Освенцима - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Освобождение Освенцима
1946 жылы Нюрнберг сотында олар 2,8 миллион адам туралы айтты. Ресей ФҚҚ мұрағатының жарияланған құжаттарына сәйкес, 4 миллионнан астам адам лагерьде өлтірілген.
© Photo : Посольство России в Казахстане Освобождение Освенцима
Освобождение Освенцима - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Освобождение Освенцима
Елшілік Кеңес Одағының Батыры Василий Петренконың "Освенцимге дейін және одан кейін" атты естеліктерінен үзінді келтірді:
"Мен Освенцимге келген күні онда тірі қалған жеті жарым мың адам анықталды. Мен дені сау адамдарды көрген жоқпын. Немістер ол жерде мүгедектерді қалдырды, ал 18 қаңтарда қалғандарын – жүре алатындардың барлығын өздерімен алып кеткен. Ол жерде өңкей ауру-сырқау, әлжуаздар қалған: бізге барлығы он мыңнан асатындай адам болғанын айтты. Кейіннен балаларды көрдім. Сұмдық көрініс: аштықтан ісінген қарын, алақ-жұлақ еткен көздер; өте арық қолдар, жіңішке аяқтар; бастары үлкен. Балалар үнсіз тұрды және тек қолдарындағы таңбаны көрсетті. Бұл адамдарда көз жасы болмады. Мен олардың көздерін сүртуге тырысқанын көрдім, бірақ көздері құрғақ болып тұрды", - деп еске алады Василий Петренко.
© Photo : Посольство России в Казахстане Освобождение Освенцима
Освобождение Освенцима - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Освобождение Освенцима
Жеңіс мұражайының сайтында сол кездегі фотосуреттер мен құжаттардан тұратын "Освенцим. Ақиқат" көрмесі орналасқан. Сондай-ақ лагерь әкімшілігі қайтыс болған кеңестік әскери тұтқындарды енгізген "Өлім кітабындағы" жазбалар бар.
Бұл құжат өлімнің қорқынышты бейнесін ашады. Кейде бір жазбаның алдыңғыдан аралығы бірнеше минут қана болатын.
Жаңалықтар
0