https://sputnik.kz/20250117/otbasylyq-zhup-alayaqtarga-komektesken-politsiya-sim-kartalardy-tarkiledi-50026444.html
Отбасылық жұп алаяқтарға көмектескен: полиция SIM-карталарды тәркіледі
Отбасылық жұп алаяқтарға көмектескен: полиция SIM-карталарды тәркіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Павлодар қаласында полиция қызметкерлері "телефон" алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T09:12+0500
2025-01-17T09:12+0500
2025-01-17T09:12+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Павлодар қаласында полиция қызметкерлері "телефон" алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел іздестіру іс-шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен жүргізілді. "Жалдамалы пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталды. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді. Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Анықталғандай, олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
https://sputnik.kz/20241207/alayaqtar-bqo-akiminin-atynan-zhalgan-khabarlama-taratyp-zhatyr-49097025.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Отбасылық жұп алаяқтарға көмектескен: полиция SIM-карталарды тәркіледі
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Павлодар қаласында полиция қызметкерлері "телефон" алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен жүргізілді.
"Жалдамалы пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталды. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді. Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Анықталғандай, олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.